IMG 637

IMG 637

Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің Жастар ісі бөлімінің өкілі Қ.Садыбаев аудандық ауруханада ем қабылдап жатқан аналарға
«Ақ сүт берген анаға» құрмет атты қайырымдылық шарасын өткізді.
Жалпы, науқас кісілерді зиярат ету адам баласы үшін үлкен сауаб және науқас кісіні зиярат еткен адам оған рухани күш-жігер береді.
Осы сауапты амалды жан – жақты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға жастар ісі бөлімінің өкілі Қ.Садыбаев орталық мешіттің найб имамы Қ.Қазыбаев қатысты.
Қайырымдылық шара кезінде науқастардың халін сұрап, оларға жақсы лебіздер білдіріп, сый-сияпаттар жасалды. Бұл сауапты іске науқастар өздерінің ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 635

IMG 636

IMG 637

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38