Бүгін, Оңтүстік Қазақстан облысы, Төлеби ауданында ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбектің кезекті «Ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылды.
Кезекті кездесу аудандық «Нұр» мешітінде өткізілді. Оған ауданға қарасты, ауыл билері мен өзгеде ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбекке тұрғындар тарапынан 75-тен астам күрделі сұрақтар қойылып, олардың барлығына тұщымды жауап беріп отырды.
Жалпы, тұрғындар тарапынан қойылған ұсыныстар мен сұрақтардың дені дін мен дәстүр шараларын қолға алу, жаназа мәселелері, ҚМДБ тарапынан шығарылған фатуаларын жергілікті газеттерге жаряиялау, түрлі ағымдардың алдын алу, оқу орындарының төлем ақысын төмендету, ауыл имамдарының діни білімін көтеру, жастардың тәрбиесі, телеарналарда имандылық бағдарламалардың санын арттыру, ораза тұту кестесін бір ізділікке түсіру, т.б. мәселелер төңірегінде өрбіді.
Дәл осы ашық есік күні шарасы өңіріміздің Ордабасы, Түлкібас, Мақтарал, Шардара және Сайрам аудандарында болып өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының
ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі