Шардара қаласы №16 колледжде ата – аналармен «Лайықты ұрпақ тәрбиелейік», – атты кездесуге аудан әкімінің орынбасары Б. Алипов, аудан прокуроры Т. Сейдуалиев, аудан имамы А. Данияров, колледж директоры З Талбидин, АІІБ – нің ЖПҚ міндетін атқарушы Қ. Есіркепов, колледж ата – аналар комитетінің төрағасы Д. Мұсабеков, колледжге бекітілген ЮПТ лейтенанты Б. Әбдіқадыр, БАҚ – өкілдері қатысты. Сөз кезегінде аудан имамы А. Данияров тәрбие тал бесіктен, басталады, бала әке – шешенің үгіт – насихаты арқасында жақсы немесе жаман мінездерді бойына сіңіретін болады. Бүгінгі баланы, ертенгі дана етіп тәрбиелеу, әке – шеше алдындағы басты міндет. Сондықтан да исламда әуелі Алланың бірлігі, Мұхаммед (с.а.с) оның ең сүйікті елшісі екендігін айта келе барлық ұнамды істерді үгіттеу, ұнамсыз нәрседен тыю, жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару, төл тәрбиеміздің түп тамыры екендігін көрсетеді. Жастарды жақсылыққа бастайтын жақсы қасиеттің бірі – ауызбірлік пен ынтымақ. Бірлік болған жерде әрдайым тату тірлік болмақ. Мұның бәрі жанқиярлықгы талап етеді. Бүгінгі таңда жастардың пайдаланатын құралы ғаламтор – бүкіләлемдік ақпараттық коммуникативті байланыс құралы. Қашықтықтағы абонентпен ғаламтор желісі арқылы байланыс жасап, уақыт тығыздығына қарамастан қажетті ақпаратты тауып, мәлімет алуға болады. Алайда осындай түрлі жүйелері бар ғаламтордың жаман тұстары болатыны өкінішті. Ғаламтор желісіне қосылған бала өзіне, сабаққа қажетті сайттармен қатар, ақылы ойындарға кіріп кетеді. Қорыта айтқанда тек қана қажетті болған тиімді жағымен ғана пайдалану керек.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.