IMG 578

IMG 578

 

 

Бүгін, яғни 25-ші ақпан 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Нұрлыбаев ауылдық округі, Талапты елді мекені, Ынтымақ ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты болды. Әуелі Құранмен басталған жиынға Мақтарал ауданының әкімі Ғ. Исмайлов, ҚМДБ- ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, ОҚО орталық мешітінің найб имамдары Бекайдар Қымбатов, Еркебұлан Қарақұлов және ауданға белгілі құрметті азаматтар қатысты. Аудан әкімі Ғалым Ыбырайұлы мешіт ашылу рәсіміне қатысып, келуші жамағатты құттықтады. Құттықтау сөз оқылғаннан кейін ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек Құран оқып, бата берді. Сонымен қатар барша халық мешіт ішінде намаз оқып болған соң, өкіл имам сол мешіттің имамы ретінде Сакен Алибековты тағайындап, ел игілігі мен дін үшін қызмет етуіне тілек білдірді. Жалпы, мешіт іші толығымен талаптарғка сай және әсем жазулармен көмкерілген. Мешіт аты және құжаттары түгелімен ҚМДБ РИДБ- филиалы ретінде тіркелген.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 578

IMG 579

IMG 580

IMG 581

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38