ҚМДБ-ның бастамасы аясында 25 Ақпан күні Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінде, мүгедек жандарға көмек ретінде «Өзге жандарға қамқур бол» атты қайрымдылық шарасы өтті.
Аталмыш шараға ОҚО Арыс қаласының бас имамы Абдулкарим Абдулкамалұлы және аудандық Жастар ісі бөлімінің өкілі Қанат Садыбаев арнайы қатысты.
Шара барысында бас имам мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандарға сый-сияпаттар үлестіріліп, азық-түлік табыс етті. Қайырымдылық шарасына үлес қосқан азаматтарға Алла разы болсын!
Арыс қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі