ҚМДБ-ның бастамасы аясында Шымкент қаласындағы «Мүмкіндігі жектеулі жандарды оңалту» орталығында емделуші мүгедек жандарға көмек ретінде «Бауырыңа күлімсіреп қараудың өзі садақа» атты қайрымдылық шарасы өтті.
Аталмыш шараға ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, облыс имам орынбасары Бекайдар Қымбатов, Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінің имамы Бақдаулет Абдірахманов және облыстық Жастар ісі бөлімінің жетекшісі Азамат Әбдікерімұлы арнайы қатысты.
Шара барысында өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек бұл шараның маңыздылығына тоқталып, арнайы ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің құттықтауын жеткізіп, сабырлы һәм шыдамды болуын атап өтті.
Сондай-ақ, шара кезінде барлық мүмкіндігі шектеулі жандарға сый-сипаттар үлестіріліп, шара соңы рухани концерттік шарамен жалғасын тапты.
Жалпы, осы бағыттыға ықайырымдылық шаралар барлық қала, аудандық орталық мешіттердің ұйытқы болуымен өз жалғасын табуда. Қайырымдылық шарасына үлес қосқан азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі