Исламдағы бес парыздың бірі болып саналатын Зекет жұмыстарын ҚМДБ-ның ОҚО бойынша Зекет қорының жұмыстарын жан-жақты насихаттау жұмыстары қолға алынуда.
Осы жұмыстар барысында ОҚО бойынша Зекет қорының өкілі Ғалымжан Назаровтың бастамасымен түрлі деңгейде іс шаралар ұйымдастырылып келеді.
Осы шаралар ішінде Зекет қорының жарнамалық баннерлері мешіт аумағының 275 орнында ілінді. Бүгінгі таңда, Шымкент қаласы Әл Фараби аулданы мен Созақ аудандары толық орындалды. Осы бастаманы қалған аудан, қала, ауылдық мешіттер мен үлкен көшелер мен өзгеде орындарда ілу жоспарлануда.
Айта кету керек, жарнамалық баннерде зекет берудің мәні мен маңызына, нисап мөлшері және шарттары енгізілген. Яғни, қарапайым жамағат тез түсініп алуына болады. Алла Тағала баршамызға зекет беретіндей мол несібе, бақ-дәулет нәсіп етсін!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі