IMG 557

IMG 557

«Дін жəне дəстүр» сабақтастығын түсіндіру.
Қазығұрт аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен Облыс өкілдігі жанынан құрылған «Жергілікті ақпараттық насихаттық топ»(ЖАНТ) жұмысы ауданымызда жаласын тапты. ЖАНТ мүшелері » Шымкент қаласы «Атамекен» мешітінің имамы Бейсов Асхат Оразбекұлы аудандық орталық мешітінде , Қызылқия ауылдық округіне қарасты «Қызылқия» мешітінде «Əл Мүслім» мешітінің бас имамы Ергешов Тәңірберген, Қазығұрт ауданының бас имамы Полатов Еркін жамағатпен жүздесіп «Дін және дәстүр» тақырыбымен кездесу өткізді. Кездесу барысында жамағат өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарына толыққанды жауаптарын алды. Сонымен қатар ЖАНТ мүшелері Қызылқия, Қазығұрт ауылының тұрғындарымен сұхбаттасты.
Жастар керағар діни ағымдарға қарсы
Қазығұрт аудандық ішкі саясат бөлімі мен бірлесе отырып Қызылқия ауылдық округіне қарасты мәдениет үйінде керағар діни ағымдардың алдын алу және әлеуметтік желілерде таралып жатқан келеңсіз жағдайларды болдырмау, діни экстримизм мен терроризмнің алдын алу бойынша Облыстық өкілдігінің жанынан құрылған «Жергілікті ақпараттық насихаттық топ»(ЖАНТ) мүшелері Шымкент қаласы «Əл Мүслім» мешітінің бас имамы Ергешов Тәңірберген, Қазығұрт ауданының бас имамы Полатов Еркін, ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Мәлік Болат келіп ауыл жастарымен кездесу өткізді. Кездесуде аудандық білім бөлімінің қызметкері Бөрібай Сәуле және ауыл әкім орынбасары Асан Серікұлы қатысып отырды. Кездесуді аудан бас имамы жүргізіп отырды. Кездесуге төрт ауылдың имамдары, ауыл билерімен мешіт жамағаттары, ұстаздар, жастар қатысты. Кездесуге белсенді қатысып, қонақтардың сөздерін мұхиат тыңдап, ақсақалдар тарапынан ұсыныстар, жастар тарапынан сұрақтар қойылып, жауаптарын кеңінен түсіндірілді.
Сондай ақ Қазығұрт аудандық орталық мешітінің «Жастар» бөлімімен аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-мен бірлесіп №11 кәсіптік техникалық колледжінде керағар діни ағымдардан алдын алу мақсатында «ДІН ЖӘНЕ ЖАСТАР» тақырыбы бойынша «Жергілікті ақпараттық насихаттық топ»(ЖАНТ) мүшесі «Атамекен» мешітінің имамы Бейсов Асхат Оразбекұлы, аудандық ақпараттық насихат топ мүшесі «Молалы» мешітінің имамы Мырзағали Исхақовтардың қатысуымен колледж студенттерімен және Айнатас жəне Қызылсеңгір ауылында аудандық орталық мешітінің жастар бөліміне жауапты Байжанов Нұржігіт, ауыл бойынша жастар орталығының инспекторы Шарапат Алдабековалар жастармен кездесу ұйымдастырылып, сұхбат жасап, сұрақтарына жауап берді.
Атқарылған шараларды аудандық «Қазығұрт таңы» телеканалының тілшілері қатысып түсірді және қонақтармен жастар қауымынан сұхбаттарын алды.

Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті

 

IMG 549

IMG 550

IMG 551

IMG 552

IMG 553

IMG 554

IMG 555

IMG 556

IMG 557

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38