Ережеп – берекелі һәм ұлық ай. Бұл айда игі амалдарға мол сауап жазылады, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады
«Ережеп – ол суы сүттен ақ, балдан тәтті және мұздан салқын бір жұмақ өзенінің аты және бұл мөлдір бұлақтан тек осы айда ораза ұстағандар ғана ішеді» делінген.
Дұға (الدعاء )
“сөзінің тілдік мағынасы’’:
шақыру, сұрау және талап ету” дегенді білдірсе, ал терминдік мағынасы: “әлсіздің бір нәрсені күштіден сұрауы” деген мағынада.
Анығырақ айтқанда пенденің құдыретті Алланың тек Ол ғана бар жақсылыққа жеткізіп, жамандық атаулысынан сақтайтындығын мойындап, дүние тіршілігіндегі барлық істерін Оған тапсыра, алдында кішірейіп, жалбарынып сұрауды айтады.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айында көп истиғфар айтуға (кешірім тілеуге) дұға жасауға үндеген. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айы басталғанда: «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» – деп дұға еткен.
Құранда Алла Тағала:
«Раббыларың: “Маған жалбарыңдар! Тілектеріңді қабылдаймын. Расында Маған құлшылық қылудан паңсынғандар, олар қор болып, тозаққа кіреді” дейді
Ғафир сүресі, 60-аят
Ислам ғұламалары бұл аяттағы «құлшылық» сөзінен мақсат «Дұға» деген. Себебі Алла Тағала бірінші дұғаны айтып оны қабыл ететіндігін уәде етті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): “Дұға – мұсылманның қаруы, діннің тірегі және аспан мен жердің нұры”– деген.
(Хакімнің хадистер жинағынан)
Тағы бір халисте.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ауруларыңды садақамен емдеңдер, бәле-жалаға дұғамен қарсы тұрыңдар және мал–мүліктеріңді зекетпен қорғаңдар» – деп, дұға етудің қаншалықты маңызды екеніне назар аудартады.
(Ат-Табарани)
Дұға жасағанда – АллаТағаланың қалауына қалдырмау.
Мысалы: «Кешіргің келсе, кешір. Бергің келсе, бер»-демеуіміз керек.
Себебі бұлай сұраған адам Алла Тағалаға мұқтаж еместей, әрі сенбестей көрінеді. «Айта салайын, бере қалса нем кетеді?» – деп немқұрайлық көрсеткендей болады. Сондықтан дұға жасаушы адам бар ықылас-ынтасымен жалынып, табанды түрде, қайта-қайта, әрі мұқтаж жанға тән төменшілікпен, сондай-ақ Алла Тағаланың бәрін естіп, бәрін көріп, дұғасын қабыл қылып жауап беретініне, құлдарына жақын екеніне, бар нәрсеге құдіретінің жететініне кәміл сеніп, жалбарынғаны қажет. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Сіздердің ешқайсыларыңыз «Уа, Алла Тағалам егер қаласаң, мені кешір. Уа, Алла Тағалам егер қаласаң, мені жарылқа»-деме…
Дұғаны ерекше уақыттарда жасауға тырысу:
Жылдың ішінде Арапа күні.
Айлардың ішінде Рамазан айы.
Апта ішінде Қасиетті Жұма күні.
Түнде түннің үштен бір бөлігінде.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деді: «Аспан есіктері ашылып мына төрт жағдайда жасалған дұға қабыл болады:
- ”Алла жолында саптар бір-біріне жолыққанда.
- Жаңбыр жауғанда.
- Намазға қамат түсіріліп жатқанда.
- Кағбаны көргенде”.
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айында көп истиғфар айтуға (кешірім тілеуге) дұға жасауға үндеген. Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айы басталғанда: «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» – деп дұға еткен.
Расында, Ислам діні- Алланың пенделеріне жібереген діні.
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлардан келе жатқан мызғымас дәстүрлерін ата дініміз Исламмен ұштастырады. Осы орайда ата-бабаларымыз дұға, бата, тілек сияқты қасиетті сөздердің шынай ұғымын түсіне білгендіктен, «Бата – сөздің анасы», «Атаңнан бота қалмасын, бата қалсын», «Ботаның құны – бірақ жұт, Бата балаға мәңгі құт», «Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» деген аталы сөздер қалдыруында Алладан өзіне, еліне қала берсе ұрпағына жақсылық тілеудің қаншалықты маңызды екенін ұғынған.
Құдайсыз қурай да сынбайды деген халықтың ұрпағы болған біздерге әрбір істеріміздің мәнді де, мағыналы болуында Құдайға жақын болып, шынайы байланыста болудың мәнісі зор.
Бұл жалғанда адамзат баласы әркез екі қолын жайып аспан есіктерін қағып дұға етіп тұруға мұқтаж. Ал дұға мұсылман өмірінен ойып тұрып орын алатын маңызды құлшылық
Олай болса, осындай сауабы мол қасиетті Айларда, Алла Тағала баршамызды дұға-құлшылығымызда тура болып нығмет-берекетіне кенелткен пенделерінен етсін дейік!
Шымкент қаласы , Абай ауданы .
“ Темірші ата “ мешітінің Имамы
Ербол Тастанбекұлы Қалшабеков