Дәрет алу әрбір мұсылман ер мен әйелге жүктелген маңызды міндет болып табылады. Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.):

 «Қиямет күнi менiң үмметiмдi шақырады. Сонда дәрет алудың себебінен олардың беттерi, қолдары, аяқтары нұр болып тұрады. Ал, егер сендерден кімде-кім сол нұрды көбейтiп, ұзартқысы келсе, дәрет алсын»,[1]– десе, ибн Омардан (р.а.) риуаят етілген хадисте:

«Бiр адам дәрет үстiне дәрет алса, ол адамға он сауап (жақсылық) жазылады»,[2]– делінген.

Негізінде кімге болса да тазалықтың, дәреттің, бой дәреттің қалай жасалатындығын үйреніп, орындалу тәртібін, шарттарын жақсы білу әрі оның әдебін сақтау өте маңызды. Себебі ғибадаттардың көбі дәретсіз орындалмайды. Атап айтқанда намаз оқуға, Құран кітабын ұстауға, мешітке кіруге, Қағбаны тауаф жасауға т.б. болмайды. Мұндай құлшылықтар тек дәретпен ғана орындалады.

Шымкент қаласы орталық мешіті

[1] Мишкәтул-Масабих. І-бөлім, 9-хадис. 58-бет.

[2] Мишкәтул-Масабих. ІІ-бөлім, 2-хадис. 58-бет. Бұл хадисті Тирмизи риуаят еткен.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38