Ислам діні — толық тәрбие негізі. Әлемге Рақым етіп жіберілген , бүкіл саналы ғұмырын адамзат бақытына арнаған Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) балаларға қаншалықты көңіл бөлген ?
Адамзаттың таңдаулысы (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бала өмірге келмей жатып ақ оған қамкор көңілділік танытатын . Баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретін.Туыла салысымен мұсылмандық тәрбие нышандарын жасайтын .Өзінің ұлы Ибрахим туғанда , сүйінші сұрап келген Әбу Рафиға сый – сияпат тарту еткен .
Жаңа туған сәбиді құшағына алып тұрып , игі дұға тілейтін , сосын құрманың сөлін таңдайына жағып, алғашқы дәм таттыратын болған . Балаларды жүректің жемісіне , көздің нұрына теңеген Мейірім жаршысы Ардақты Елші Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Абдулла ибн Аббасқа ( Алла оған разы болсын ) бала кезінде :” Ия, Алла Тағалам , бұл балаға хикмет үйрете гөр !”- деп дұға жасаған .
Сәбиге азан шақырып , ат қоюды ата – ананың балаға деген алғашқы міндеттерінің біріне жатқызған . Сондай – ақ әрдайым балаға мағыналы , жақсы ат қоюға шақырған . Бұның мәнін “ Сендер қиямет күні өз есімдеріңмен және әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар . Олай болса балаға әдемі есім қойыңдар “ деп түсіндірген .
Немерелері Хасан мен Хусейін ( Алла оларға разы болсын) өмірге келгенде , немерелі болғанына шүкіршілік білдіріп , арнайы құрбандық шалған ( ақиқа ) . Қызы Фатимаға ( Алла оған разы болсын ) сәбилердің үлпілдек шашын алып , алынған шаштың салмағындай садақа беруді тапсырған Жастық шақ – адам баласының ең тартымды әрі ең белсеңді кезеңі .
Алла Тағала Құранда : “ Балаларың мен дүние мүліктерің сендер үшін сынақ “ деген. (“ Тағабун “) сүресі ,- 15 аят .
Хадис: “ Балаларыңды көп сүйіңдер . Себебі, сүйген сайын Жаннатта бір дәреже беріледі. Әр бір дәреженің ара қашықтығы бес жүз жыл . Періштелер әр сүйгендеріңді санап , жазып отырады”. Муснаду Зайд ибн Али 505)
Тағы бір хадисте: “ Қандай да бір жас адам қарияның жасын ескеріп , құрмет көрсетсе , ол қартайғанда оған да құрмет көрсететін кісіні Алла Тағала жаратып қояды “. – деп бұйырған . (Имам Тирмизи)
Бала оң солды ажырата бастағннан бастап оны ұятылыққа,имандылыққа тәрбиелеп ненің күнә,ненің сауап екенін үйрету,мешітке үйретіп Алланы,Пайғамбарды танытуға,Құранды үйретуге 7-10 жастарынан бастап намаз оқу секілді мұсылмандық міндеттерді орындауға баулу да сүннетке,негізге алынған.
Сол себепті көбірек сұралатын өмір кезеңі де осы екі әлсіздіктің ортасындағы – қуатты кезең . Қиямет күні адам баласының сұралатын негізгі төрт сұрағының бірі де жастық шақ .
Абдулла Ибн Аббас ( Алла оған разы болсын) былай дейді : “ Ғалымға ілім тек жас кезінде ғана беріледі “
Сол үшін әр Мұсылман баласының уақыты , күні, сағаты жоспарлы болуы қажет. Жастар үшін ескертетін мәселе , Мұсылман жастық дәуірінен бастап , Құдай Тағала харам еткен дүниелердің бәрінен бойын таза ұстауды қатаң талап еткені жөн.
Мектеп , Колледж , Жоғарғы оқу орындарында әуесқойлықпен басталатын шылым шегу, ішімдік ішу , зина жасау, құмар ойнау сынды тағы басқа жиіркенішті әдеттер жастық уақыттың қорлығы десек болады.
Абай атамыз айтқанындай : “ Жасымда ғылым бар деп ескермедім , Пайдасын көре тұра тексермедім , Ер жеткен соң түспеді уасыма , Қолымды мезгілінен кеш сермедім “.- деп айтқанындай кеш сермеп кешігіп қалмас үшін жас кезімізді тиімді пайдаланып , ілімге мән беріп , ғылымға талпынған жөн.
Мухаммед Пайғамбарымыздың( оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) өміріне қарасақ дін насихатын жүргізіп , тәрбие жұмысын жасауда жастарға ерекше мән бергенін байқаймыз.
Пайғамбар мектебінен алған тәлімдерінің арқасында жас кезінен жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты, сауап пен күнәні айырып, жүрегіне мықты иман орнықтырған сахабарлардың саны да жетіп артылады.
Ислам мәдениетін негізге ала отырып, жалпы Мұсылман баласы жас шағын қалай бағалау керек деген мәселеге аз – кем тоқтала кетелік.
Ардақты Пайғамбарымыз ( оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) :” Адам досының дінінде болады. Сол үшін әрқайсыңыз дос таңдағанда аса назар аударсын”,- деген. Сондықтан ,жастар жас шағын бос әрі қор етіп өткізбеу үшін , оқитын жері, араласатын қоғамы, өмірдегі достары , қызметтік ортасы секілті ортамға мән беруі тиіс .
Тәлім – тәрбие , адами құндылық немесе жаманшылық пен азғындық та осы ортаға қарай қалыптасады.
Жастар өзін өзі үнемі әдептілікке , тазалыққа баулуы қажет .
Қорыта келе,әрбір адам жастық шағын өкінішпен емес,өнегелі жолымен еске алатындай болса,бұл басқа қонған бақыт.Сол үшін иманды жан қандай болу керегін сөзі мен ісінің тазалығынан көрсетсе нұр үстіне нұр. Мұсылман деген пәк сипатына кір жұқтырмаса игі. Ата-ананың да арманы осы емес пе?!
Мағжан ақын:
Қажу бар матұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күшті оларда,
Мен жастарға сенемін,-деп кейінгі жастарға үлкен бағыт көрсеткен.Шыныңда ұрпақтың иманды,таза,текті болуы қоғамның беріктігін одан әрі сақтамақ.Құдай Тағала жүрегі иманмен толысқан,елі мен жеріне шын жаны ашитын жастарымыздың көп болуын нәсіп етсін!
Шымкент қаласы, Абай ауданы, «Темірші ата» мешіті жастар ісі секторы «Темірші ата»мешітінің имамы Ербол Тастанбекұлы Қалшабеков