Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өте көрікті, сұлу жан еді. Орта бойлы болатын. Жарқын жүзі үнемі күлімсіреп, ішкі шынайылығы мен тазалығы нұрланған жүзінен айқын аңғарылатын.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) нұр жүзінің өзі адамдарды тазалыққа, тура жолға шақырып тұратын. Мәселен, яһуди ғалымдарының бірі Абдуллаһ ибн Сәләм пайғамбардың (с.ғ.с.) жүзінен нұры тамған тазалығына тәнті болып, «Мынадай жүзде ешқандай жалғандық болуы мүмкін емес!», – деп, иман келтіреді, мұсылман болады.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өте сабырлы, ұстамды еді. Қажетсіз, орынсыз сөйлемейтін. «Қажетсіз сөз айтқаннан, үндемей отырған артық. Үндемей отырғаннан жақсы сөз айтқан абзал», – деп білетін. Әрбір сөзін де, ісін де «Бисмилләһ» деп, Алланың атымен бастайтын. Түсінікті болу үшін айтқанын үш рет қайталайтын. Екі істің бірін таңдау қажет болса, жеңілдеуін таңдайтын.
Шымкент қаласы орталық мешіті