Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы «Әл-Біләл» мешітінің ұйымдастыруымен Рухани тәрбие-ихсан ілімі «ШӘКӘРІМ қажы һәм ихсан ілімі» атты рухани семинар болып өтті. Семинарға белгілі ақын, ұстаз А.Қалшабек, қалалық орталық Ақмешіттің найб имамы Н.Қасымбеков, қалалық әдеп кеңесінің төрағасы Бекайдар қажы Әміре, Әл- Фараби ауданы бас имамы А.Пірәліұлы, Еңбекші ауданына қарасты имамдар қатысты. Ақын, ұстаз А.Қалшабек, Исамиддин баба мешітінің имамы Е. Орын Шәкәрім қажы Құдайберді туралы әсерлі баяндама жасады. Әл-фараби ғылыми әмбебап кітапханасынан арнайы ШӘКӘРІМ қажы Құдайбердіұлының кітаптарының көрмесі қойылды. Шәкірт М.Орынбасарұлы Шәкәрім атамыздың өлеңдерінен үзінділер оқыды.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38