ҚМДБ-ның Шымкент қаласы орталық мешітінің ұйымдастыруымен. Еліміздегі 6 қазан есепшілер күніне орай, құттықтау іс-шарасы өткізілді. Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы есепшілерді айтулы күндерімен құттықтады. Жұмыстарына амандық пен сәттілік тілеп, құттықтау алғыс хаттарын табыс етті.
Бухгалтер мамандығы – Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдегі ең жоғары құзыретті, құрметті әрі талап етілген мамандықтарының бірі. Кез келген сала үшін бухгалтерлердің қызметі аса қажет.

Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38