ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай ауданы, “Темірші ата“ мешітінің Имамы Ербол Тастанбекұлының жамағатты жұмылдыра ұйымдастыруымен Мәуліт айының алғашқы күнінде Мәуліт мерекелік дастарханын жайды. Рухани шараға дін қайраткері Бегайдар қажы Әміре мен Ахметжан қажы Керімбек және Қаратау ауданының бас имамы Дастан қажы Желеуов мырзалар, сондай-ақ мешіттің ақсақал – қарттары мен жалпы жамағат қатысты. Рухани шара барысында Бекайдар қажы «Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) “Асыл қасиеті мен Оған салауат айдудың пайдасы“ туралы әсерлі уағыз айтса, Ахметжан қажы имам “Ауызбіршіліктің артықшылығы мен Мәуліт туралы айта келіп, Мәуліт дұғасын оқыды. Ал, Қаратау аудан имамы, РАНТ мүшесі әрі ЖАНТ жетекшісі Желеуов Дастан имам “Салауаттың артықшылығы мен Жәннаттықтар жайлы уағыз айтты. Жамағат дән риза болып, Ақсақалдарымыз келген қонақтарға бата беріп, жақсы көңіл күймен тарқасты.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі