Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Самғау сенім орталығы» КММ-де «Отбасы құндылықтары» тақырыбы аясында кездесу өтті. Кездесуге Шымкент қаласы «Қождан ата» мешітінің имамы Ақтөре Әліпбайұлы қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты Отбасы құндылықтары – некеге тұрған ерлі-зайыпты адамдардың отбасын сақтау. Дәстүрлі отбасылық құндылықтарға сәйкес отбасы мүшелері бір-біріне сыйластықпен қарап, қамқорлық көрсетеді және «үлкенге құрмет, кішіге ізет» қағидатын сақтау.
Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі