Қазығұрт аудандық орталық мешіттің ұйытқы болуымен Мәуліт мерекесі ауылдарда мәдени ошақтарда өткізу дәстүрі қалыптасуда. Осындай игілікті істің бастауы Қ.Абдалиев, Қызылқия ауылдарында Мәдениет сарайында Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с өмірін кеңінен түсіндіріп, діни және патриоттық әндермен шұмақтар айтылды. Ал, Жігерген, Қазығұрт, Кезеңбұлақ, Нұржан баба, Рабат т.б ауылдық мешіттерде дастархан жайылып мәуліт хутпалары оқылып, мерекелік дастархан мәзірі берілуде. Мерекелік кештерге ОҚО өкіл имам орынбасары (наиб имам) Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысып, аудан жұртшылығын мерекемен құтықтап, жүрек тебіретер Пайғамбарымыздың өнегелі өмірін, көркем мінезі жайлы әңгіме айтып халықты ұйытты. Мәулітті атап өтудің маңыздылығы кеңінен түсіндіріп берді. Мерекеге атсалысқандар «Нұр-Үміт» орталығы, «Сарыағаш медресе-коледж» шәкірттері өнерлерін көрсетіп, мешіт имамдары құран және мәуліт хутпаларын оқыды. Қатысушыларға әсіресе, жастарға жат ағымның ықпалына түсіп қалудан алдын алуға байланысты қойлымдары әсер етілді. Аудан бас имамы Полатов Еркін Тұрғынұлы; «Биылғы жылғы мәуліт мерекесін атап өтуде аудан халқының ықыласы жоғары екендігін байқадық. Ел Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық жемісі, жоғары буынды үлкендеріміздің көрсетіп жатқан үлгілі жолымен ҚМДБ-ына қарасты жергілікті мешіт дін қызметкерлерінің нәтижелі насихатының жемісі деп білеміз». Мерекеге жалпы алты жүзге тарта адамдар қатысты. Аудан бас имамы аудан орталығына жақын маңда орналасқан мешіттерді аралап жамағатты мерекелерімен құттықтап шықты.
Қазығұрт аудандық орталық «Мұсылмандар» мешіті