IMG 236

IMG 236

Сарыағаш аудандық мешіттің ұйымдастырумен Сарыағаш мәдениет үйінде «Алла Елшісіне (с.а.у.) сағыныш» атты мәуліт рухани мерекесі аталып өтті. Жұма күні мәулітке жиналған халықтың ықыласы ерекше болды. ЛЭД экранда «Алла Елшісіне (с.а.у.) сағыныш хат» атты бейнесюжет көрсетілді. Мәуліт мерекесіне ОҚО өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек, «Нұр Отан» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Қозыбаев, аудандық ардагерлерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов, қала төбе биі Р.Оспанов аудан депутаттары, зиялы қауым өкілдері, аталар-әжелер,студенттер, аудан имамдары, жер-жерлерден келген қонақтар қатысты. Әуелі халықтың көңіліне ой салатын, жүрекке иман нұрын себетін Алланың аяттары оқылды. Құранды Сарыағаш медресесінің шәкірті Б. Сәдуақас оқыды. Соң «Нұр Отан» партиясының Сарыағаш аудандық филиалының бірінші орынбасары П.Тұрсынбаев халықты мәуліт мерекесімен құттықтап, арнайы аудан әкімі атынан Өкіл имамға алғыс хат табыс етті. Ал бұдан кейін сөз алған Облыс өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өнегелі өмірінен үзінділер келтіріп, мәуліт мерекесінің жалпы мұсылман үмбетіне беретін әсеріне тоқталды. Танымал ақын Жарқынбек Наушабеков домбырамен күмбірлете арнау айтып берді. Соң «Ақтілек» әжелер тобы «Сыйынарым бір Алла» илаһи әнді орындап берді. Мектеп оқушылары Назерке Қалкөз бен Тоғжан Нұралықызы «Уақыт» деген монолог айтып, халықтың көңілін босатты. Киелі Түркістан қаласынан келген Түркістан сазды драма театрының өнерпаздары сахналық қойылым көрсетіп, халықтың көңілін бір серпілтіп тастады. Сарыағаш медресе ұстазы Нұралы Төребек Алла Елшісі (с.а.у.)ның өмір тарихынан әсерлі уағыз айтты. Мәулітті Абай ауылы «Ешан баба» мешітінің имамы А.Садыков, Құркелес ауылы «Құркелес» мешітінің имамы Д.Ниязов және Сарыағаш медресе шәкірттері оқыды. «Асыл мұра» өнер орталығының әншілері С. Жолаев «Зікірулла» иләһи әнді орындаса, М.Тәжиев терме орындап берді. ҚМДБ-ның төраға орынбасары, найб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораздың ұйытқы болуымен Сарыағаш халқына арнайы Астанадан 500 дана түрлі тақырыпты кітаптар, 500 дана уағыз дисклер, 500 дана журналдар буклеттер таратылды.
Мерекелік іс-шараның соңында аудандық ардагерлерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов Мәуліт мерекесінің осындай жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына дән ризашылығын білдірді. Соң аудан имамы Б Қалдаров мәуліт мерекесінің жоғары дейдейде өтуіне атсалысқан жергілікті билік өкілдеріне, демеушілік жасаған азаматтарға алғыс айтты. Жалпы ислам дінінің өркендеуіне өз үлесін қосқан аудандық мешіттің бас есепшісі С. Әбдіқадырұлы және ауданның 3 имамы өкіл имам атынан, 3 имам аудан әкімі атынан алғыс хатымен марапатталды. Бекзат Сәкенұлының «Аллаға мың шүкір» илаһи әндерімен мәуліт мерекесі аяқталды. Мерекелік іс-шара «Ас болсын» дәмханасында жайылған дастарханда жалғасын тапты.

Сарыағаш аудандық «Сарыағаш орталық» мешітінің баспасөз қызметі

 

IMG 227

IMG 228

IMG 229

IMG 230

IMG 231

IMG 232

IMG 233

IMG 234

IMG 235

IMG 236

IMG 237

IMG 238

IMG 239

IMG 240

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38