Бүгін қасиетті жұма күні Шымент орталық мешіті мен бірге Шымкент қалалық мәслихаттың депутаттарының ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Шымкент қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған бір топ депутаттар қала бойынша жағдай төмен, көпбалалы отбасыларға ауыз ашар рәсмімінің орнына азық-түлік салынған Рамазан қоржыны 1000 отбасыға үлестірді.
Айтулы шараның маңыздылығы жөнінде Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов арнайы қатысып, БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.
Айта кетсек, елдегі карантиндік талаптарға сәйкес, ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің және Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысына орай, дәстүрлі түрде өтетін ауызашар дастарханы орнына азық-түлік түрінде мұқтаж және көпбалалы отбасыларға үлестіру бастамасы қолға алынып, жүзеге асырылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі