ҚМДБ Шымкент қаласы, «Мастура қажы» мешітінде Рамазан айының құрметіне тұрмыс деңгейі төмен 15 отбасыға әр біріне 30,000 теңгеден демеушілердің қоодауымен мешіт атынан көмек көрсетілді.
Мұқтаж жандарға қол ұшын беру – дін тілімен айтқанда үлкен сауап, пендешілік тілмен айтқанда жұртшылықты ризашылыққа бөлейтін өте жақсы іс. Бұл туралы ата-бабаларымыз «Жанашырлыққа жан риза», «Садақа – береке кілті» деп, қамқорлық көрсетуді парыз санап, игі іске шақырған тәмсілдері көп. Алла Тағала баршаңызға разы болсын.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі