Адамзатты қараңғылықтан жарыққа шығарып, өміріне ерекше өң беретін Құран Кәрімнің алғашқы аяттары осы Рамазан айында түсе бастаған. Осылайша адамзат үшін жаңа өмірдің шымылдығы ашылып, бақытты да баянды ғұмырдың дәуірі бастау алды.
Рамазан айы игілік пен жақсылыққа шақыратын ай. Бұл жайлы Құранда былай баяндалған:
«Тақуаларға: «Раббыларың не түсірді?» – деп сұрақ қойылса, олар: «Игілік» – дейді. Сондай-ақ ізгілік жасағандар бұл дүниде сый көреді, ал ақырет жұрты (тіпті) қайырлы. Шынында, тақуалар баратын орын қандай керемет» (Нахл сүресі, 16/30 – аят).
Бұл айда қайырымдылық сүйер қауым көптеген игілікті шаралар жасап, Алла мен халықтың разылығына бөленудің жолын іздейді. Осыған орай, Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «ар-Рақиб» мешітінің имамы Болатов Айдос кәсіпкерлерді қайырым жасауға шақырды. Осылайша аз қамтылған әрі жартылай жетім 110 отбасыға азық-түлік таратылып, 70 балаға киім-кешек тарту етілді. Сондай-ақ «ар-Рақиб» мешітінде Рамазан айы бойынша 180 адамға күн сайын ауызашар себеті таратылатын болады. Осы айдағы сауапты істен құр алақан қалғысы келмеген қайырымды жандар қолдарынан келген қайырымдылықтарын жасауға ниет білдіріп отыр.

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38