Бүгін Шымкент қаласы  әкімдігі мен Шымкент орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы  жалғасын табуда.

Кезекті қайырымдылық эстафетасын «Отау Строй» ЖШС және «Алаш» ЖШС әмбебап-базар басшылығы тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылды.

Қала әкімдігімен бірлесіп жасалған тізім бойынша көмекке мұқтаж 1000 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды. 

Мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстарын қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Жастар ісі» секторы мүшелері мен ерікті азаматтар жұмылдырылды.

Айта кетсек, көмек алушылардың базасы жасалып, қала бойынша  «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы  қаладағы  «Ақмешіт», «А.Қаттани», «Байғұт баба», «Нұр-Төбе», «Сайрам», «Әл-Біләл» мешіттері таңдалып, орталықтандырылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38