Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында және отыз күн оразаға отыз түйе құрбан шалу қайырымдылық шарасын ұйымдастырылды.

Кезекті қайырымдылық эстафетасын «Рауан» ЖШС-ның бас диекторы  Омаров Нұрлан мырза тарапынан қолдау тауып, жүзеге асырылды.

Көмек алуға мұқтаж отбасылардың арнайы тізімі бойынша 300 отбасыға  ет өнімдері салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді. 

Мұқтаж отбасылардың үйлеріне жеткізіп беру жұмыстарын қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Жастар ісі» секторы мүшелері мен еріктілер тобы жұмылдырылды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38