ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Шымкент қайырымды қала» жобасы аясында ауыз бекіткен жандарға «Ауызашар себеті» үлестірілуде.

Игі шараға Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахмановтың бастамасымен бір ай бойы жалғасатын болады.

Қолға алынған игі шараға жауапты ретінде іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы бекітіліп, бүгінде аталмыш қайырымдылық шара бас мешіті бастаған қаладағы  8 мешітте ұйымдастырылуда.

Ауызашар себетінде:  ыстық тамақ (палау), нан, су, құрма, жемістер, тәттілер, салаттар т.б. салынған. Күн сайын қала бойынша 600 ораза тұтқан жамағатқа үлестірілуде.

 Бұл шараның ауқымын одан әрі ұлғайту үшін демеуші азаматтарды тарту жұмыстары қолға алынды.

Үлестіру  жұмыстарын қалалық «Зекет және қайырымдылық» қоры мен «Жастар ісі» секторы мүшелері мен еріктілер тобы қол ұшын беруде. 

ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38