Нәбиуллаһ яғни Алланың пайғамбары және Расулуллаһ Алланың елшісі деген сөздердің де айырмашылықтары бар. Нәби яғни пайғамбар дегеніміз белігілі бір хабар, шариғат беріліп, оны жеткізу әмір етілмеген пайғамбар, ал расул яғни елші шариғат беріліп, оны жеткізу әмір етілген пайғамбар.
Нәби – өзінен бұрынғы пайғамбардың шариғатын әрі қарай апарушы пайғамбар. Ал Расул – өзіне жаңа кітап, шариғат түсірілген пайғамбар.
Барлық Расулдар, яғни Алланың елшілері пайғамбар, нәби болып есептеледі. Алайда барлық нәби яғни пайғамбар расул болып есептелмейді.
Бір хадисте Алланың елшісінен (с.а.с.) сахабалары: «Өзіңізден бұрын қанша пайғамбар түсірілді?» – деп сұрағанда, ол: «Жүз жиырма төрт мың», – деп жауап берген. Ал, «Олардың қаншасы расул?» – деп сұрағанда: «Он үш мың үш жүзі Расул», – деген.
Мысалы, Құранда аталған Ибраһим, Дәуіт, Мұса, Иса, Мұхаммед (с.а.с.) сияқты пайғамбарлар нәби әрі расул.
ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті