Ибраһим ибн Әдһамнан «Маған  дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін» (Ғафыр, 60) деген аят туралы «Біз қанша дұға етсек те, дұғамыз қабыл болмайды» деп сұрағандарға былай депті: «Өйткені сендердің жүректерің он түрлі істеріңмен өліп қалған:

  1. Алланы біліп, Оның хақтарын өтемедіңдер.
  2. Алланың Кітабын оқып, оған амал етпедіңдер.
  3. Ібілісті жау тұттық дегендеріңмен онымен сыбайлас болдыңдар.
  4. Расулалланы (с.а.с.) жақсы көреміз дедіңдер, бірақ оның сүннетін тастап қойдыңдар.
  5. Жәннатқа құлшынамыз дедіңдер, бірақ ол үшін амал етпедіңдер.
  6. Тозақтан қорқамыз дедіңдер, алайда күнәлардан тыйылмадыңдар.
  7. Өлімнің хақ екенін білдіңдер, бірақ оған дайындалмадыңдар.
  8. Басқалардың кемшіліктерін айтып, өз кемшіліктеріңе көз жұма қарадыңдар.
  9. Алланың ризық-несібесінен дәм татсаңдар да оған шүкірлік етпедіңдер.
  10. Өлгендеріңді көміп, бірақ одан ешбір ғибрат алмадыңдар».

ҚМДБ Шымкент қаласы орталық мешіті

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38