Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Керімбек Ахметжан қажы Пірәліұлының тапсырмасымен Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінде өкіл имам орынбасары Амантай Садиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Арапбек Алибеков қатысып, қала, ауыл имам – молдаларының жылдық есебін қорытындылау жиыны болып өтті. Жиынды «Шардара» орталық мешітінің бас имамы Асылхан Данияров жүргізіп, барлық қала имам – молдаларының 2016 жылғы атқарған жұмыстарының жалпы есебі тыңдалды. Басқосуда Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің бас имамы Н. Шәдекұлы, Алатау батыр ауыл округі «Алатау батыр» мешітінің бас имамы А. Умирзаков жыл бойы атқарған төрт бағыт бойынша барлық іс – шаралары, мен мешіт тазалығы әрі жөндеу жұмыстары, шәкірттерді оқыту бойынша есеп тапсырды. Бас қосуда өкіл имам орынбасары Амантай Садиев қала, аудан имамдарының жылдық мәліметтерін жеке – жеке тыңдап, бірқатар жағдайларға кеңінен тоқталды. Елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бастамасымен көптеген игі жұмыстар кеңінен қолға алынып келеді. Дәстүрлі дінімізді насихаттау, жат ағымдарға жол бермеу, жұма намазынан кейін жамағаттарға сауал – жауап ұйымдастыру, зекет қорының жұмыстарына басымдық беру, діни төл басылымдарға жазылу барысы, 2016 жылға республикалық «Ислам және өркениет» газеті, «Иман» журналына жазылу жұмыстарын жандандыру жүктелді. Діни басқарма тарапынан жолданған түрлі бағыттағы уағыздар мен әдептілік секілді рухани іс – шаралардың орындалу барысы жоспарланды. Біліктілікті арттыратын апталық, айлық семинарларды тұрақты түрде жалғастыра отырып, діни сауаттылықты дамыту тетіктері де қарастырылды. Бас қосқан барлық имамдар өз ұсыныс, пікірлерін ортаға салып келер күндерге ортақ мақсаттар қойылды. Жиналыс соңында рухани келісім күніне орай Шардара аудан әкімі Арман Айдарұлы Абдуллаевтың алғыс хатын аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А. Алибеков бірнеше имам – молдаларға табыс етті.

ОҚО Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38