18 қазан Рухани келісім күні мерекесіне орай аудандық ішкі саясат бөлімі мен аудандық орталық кітапхана қызметкерлері біргелікте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «18 қазан-Рухани келісім күні» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге аудан имамы А. Данияров, Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ. Ілесов, оқырмандар, жастар және БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Әлібеков, аудан имамы А. Данияров, Шардара аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қ. Ілесов, орталықтандырылған кітапхана директоры Ғ. Туребаевалар тәуелсіздік алғалы жылдардан бері елімізде бейбітшілік пен татулыққа негізделген іс-шаралар туралы айта келе, Астана қаласындағы бейбітшілік пен келісім сарайында әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының өткізген сьездерінен мысалдар келтіріп, еліміздің ұстанған басты бағыты бейбітшілік екенін атап өтті.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38