Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі діни конфессиялардың басшыларымен кездесті.
Жиынға ҚМДБ-ның ОҚОбойыншаөкіл имамы, облыстықмешіттің бас имамы А.Керімбек, «Шымкент епархиясының Шымкент қаласындағы Свято-Никольский кафедралдық соборының приходы» жергілікті православ діни бірлестігінің діни қызметшісі А.Могилевский (отец Александр), «Шымкент қаласының інжілдік мəсіхші баптистердің қауымы» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі А.Горбатый, «Агапе» інжілдік христиан шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің жетекшісі А.Шаталов және өзге де дінөкілдері қатысты.
18 қазан – рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған басқосуда өңірбасшысы діни конфессия өкілдерін мерекемен құттықтап, Тәуелсіздігіміздің 25 жылында еліміздің жеткен жетістіктерін атап өтті.
«Елбасыөз сөзінде «Достық жоқ жерде араздыққа мүмкіндік мол болмақ. Сондықтан ізгілік, рақым, имандылық секілді мәңгілік ұғымдарды санаға дарыту арқылы адамдарды тазарту қажет. Адам түзелмей заман түзелмек емес. Бүлінген заманды түзеу адамның өз міндеті» – деген. Сондықтан біздің бүгінгі басқосуымыз халықтар достығына, ұлтаралық, дінаралық татулықтың нығая түсуіне өзық палын тигізеді деп сенемін»,-деді аймақ басшысы.
Жиында сөз алған конфессия өкілдері Қазақ шаңырағындағы наным-сенім еркіндігінің айқындығын аразылығын білдіріп, өздері басшылық ететін бірлестіктердің бүгінгі мамыражай жағдайын баяндады.
Кездесу соңында облыс әкімі конфессия басшыларына осы жылдың 15 қазан күні «Рухани келісім күнін» мерекелеу аясында облыстағы діни конфессия өкілдері арасында шағын футболдан өткізілген турнирдің қорытындысы бойынша облыс әкімінің кубогы, дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Айтакетейік, бүгінгі таңда облыста 11 конфессияғакіретін 60 діни бірлестік жұмыс істейді. Ел аман, жұртымыз тыныш болғай.

ҚМДБ-ның ОҚО бойынша
өкілдігінің баспассөз қызметі

http://ontustik.gov.kz/

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38