Бүгін, яғни 15-ші қазан күні Мақтарал ауданында орналасқан аудандық орталық “Нұғман” мешітінің ұжымы жəне аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Рухани келісім күніне орай кіші футболдан турнир жарысы өткізілді. Жарысқа ауданымызда орналасқан барша ҚМДБ- на қарасты мешіт имам- молдалары жəне мешіт жамағаты қатысты. Турнирді ауданымыздың басшысы, Мақтарал ауданы əкімі Ғалым Ыбырайұлы ағамыз ашып берді. Кейін ауданның бас имамы Сыздықов Бекзат сөз алып, бұл игі іс- шара екендігін жəне халықтың бірлігіне, мешіт жамағаттарының бір- бірімен татулықта болуына үлкен бастамалы іс екендігін айтты. Жарыс өте тартысты əрі қызықты өтті. Турнир соңында алғашқы орынды иеленген аудандық “Нұғман” мешітінің жамағат командасы арнайы мадақтамамен марапатталып, қаржылай сыйлық табысталды. Сонымен қатар 2-ші орынды иеленгені үшін қалалық “Нұр Алла” мешіті жамағаты ішкі саясат бөлімінің грамотасына жəне қаржылай сыйлық 20 мың теңгені жеңіп алды. Ал үшінші орынды Жетісай қалалық “Əл-Құддыс” мешіті жамағаты жеңіп алды. Сонымен қатар ең үздік ойыншы, ең жас ойыншы жəне ең үздік қақпашы, ең үздік шабуылшы номинациялары да табыс етілді.

Мақтарал аудандық “Нұғман” мешітінің баспасөз қызметі

 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38