Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Көктөбе елді мекенінде «Көк» атындағы жаңа мешіттің ашылу салтанаты болып өтті.
Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек, аудан әкім орынбасары Ә.Сәдірмек ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.Жүсіп т.б. ауыл азаматтар қатысты.
Аталмыш мешіттің ашылуы алдымен қасиетті Құран Кәрім тіләует етумен басталды. Алғашқы құттықтау сөз өкіл имам А.Керімбек алып, мешіттің кітапханасына қасиетті Құран кәрімді хадия етті.
Мешіттің осы ауылдың тумасы жеке кәсіпкер Ж.Өмірзақов пен С.Дәмірқажылар салып берді.
Бұл мешіт шақын болғанымен барлық жағдай жасалған.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі