Азан – барша мұсылманды бес уақыт намазға шақыратын діни аса ізгі амал. Осы ізгі амалды әуезді дауыспен, нақышына келтіріп оқудың өзі шеберлікті талап етеді. Осыған орай Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек» мешітінде әуезді азаншыларды анықтау мақсатында жарыс өтті. Жарыста азаншылардың тек әуезді дауысымен емес, біліктілігі жөнінен де сыналды. Жарысқа 15 тен астам азаншы ықылас білдірді. Жарысқа аудан имамы Б.Қалдаров, найб имам Н.Бижанов, имам Я.Сангинов, «Ешан баба» мешітінің имамы А.Сыдықов төрелік етті. Жарыс соңында азанды шебер орындап, адамды әуезді әуенімен баурап алған әрі біліктілігімен де назарға іліккендер анықталды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.
1-орынды Ынтымақ ауылы «Таяқты Ешан» азаншысы Абай Бахытұлы, Еңбекші ауылы «Әжіке» мешітінің азаншысы Ағажан Қамбаров иеленді.
2-орынды Құрама ауылы «Күмбез» мешітінің азаншысы Абзал Амиралиев, Абай ауылы «Ешан баба» мешітінің азаншысы Жеңіс Жартыбаев иеленді.
3-орынды Құрама ауылы «Қоңыр ата» мешітінің азаншысы Жансерік Жексенбаев, Бәйтерек ауылы «Мүсәпір ата» мешітінің азаншысы Ердәулет Үсенов иеленді.

ОҚО, Сарыағаш аудандық «Орталық Сарыағаш» мешітінің баспасөз қызметі

 

от Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38

Добавить комментарий