Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде қасиетті Мұхаррам айының құрметіне жамағатға ауызашар рәсімі болып өтті.
Айтулы шараға облыстық Зекет қорының өкілі Ғ.Назаров, Жастар ісі бөлімінің жетекшісі А.Әбдікерім бастаған топ және Шымкент қаласындағы бірқатар мешіттердің бес уақыт намазға қатысатын ақсақалдары мен жамағаты қатысты.
Қасиетті Мұхаррам айындағы ауызашар дастарханын облыс имамы А.Керімбек көтеріп, елдің батасын алды. Шара кезінде «Тасбау Сәлімбай» мешітінің имамы Ж. Қалменов пен «Шейх Мұхамед Садық» мешітінің имамы Б.Әміре уағыз айтып, жиналған жамағатты тәнті етті.
Дәл осындай шара аудан, қала деңгейінде өткізілді.
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі