Жуырда ҚМДБ-ның Шымкент қаласы, Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешіттің бас имамы Бердалы Жәміш ауданға қарасты мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.
Аталмыш аудандық мешіттің имамы жуырда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бұйырығымен тағайындалған болатын. Ауданның жаңа бас имамы Бердалы Жәміш мешіттерді аралап, танысып, мешіт имамдарына бірқатар тапсырмалар берді.
Сондай-ақ, Мүфтият және өкілдік тарапынан берілген тапсырмалардың орындалу барысы, мешіттердегі онлайн уағыз-насихаттар, мешіттердің санитарлық талаптарды сақтауы, онлайн діни сауат ашу курстарының жұмысы, аудандық ЖАНТ мүшелерінің жұмысы, кереғар ағым өкілдерімен жұмысты жан-жақты жүргізу, діни басқарманың төл басылымдарына жазылу барысы т.б. мәселелер қаралды.

ҚМДБ-ның Шымкент орталық
мешітінің баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38