Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Шымкент қаласы,Әл-Ғани мешітінде “Ардақты аналарымыз” атты қорытындылау ашық сабағы өтті.

Сабақ барысында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жұбайларының өмір жолы, көркем мінездері, имандылығы, сабырлылығы, білімге деген құштарлығы және Ислам дінінің дамуына қосқан үлестері кеңінен ашықталды.
Ашық сабақтың негізгі мақсаты – қатысушыларға ардақты аналарымыздың өмірін үлгі ету, олардың бойындағы асыл қасиеттерді насихаттау.

Сабақ соңында ардақты аналарымызға арнап құран бағыштап хатым дұғасы жасалды.Ашық сабағымызға қатысқан әрбір шәкіртке сыйлыққа кітапттар таратылып дастархан жайылды.

Ардақты аналарымыздың өмірі – әрбір мұсылман әйел үшін өшпес өнеге, сарқылмас рухани қазына. Олардың ғибратты ғұмырын танып-білу арқылы ұрпақ тәрбиесіне, отбасы құндылықтарына және рухани кемелденуге жол ашамыз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38