Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы,Қаратау ауданына қарасты «Әл-Ғани» мешітінде «Исламдағы отбасы және ұрпақ тәрбиесі» тақырыбында уағыз-насихат шарасы өткізілді.
Шарамыздың спикері болып Әбдісаттар Сманов мешітінің ұстазы Жамал ұстаз шақырылып, жамағатқа отбасының Исламдағы орны, ерлі-зайыптылардың міндеттері, қазіргі уақыттағы өзекті отбасылық тақырыптар ,бала тәрбиесі мен ұрпаққа дұрыс тәрбие берудің маңыздылығы жөнінде тағылымды насихат айтылды.
Кездесу барысында қатысушыларға отбасылық құндылықтарды сақтау, бала бойына көркем мінез бен діни тәрбиені сіңірудің маңыздылығы түсіндірілді.





