Шымкент қаласы, Тұран ауданы “Д.А.Қонаев” мешіті әйел-қыздар секторы ұжымы ұйымдастастырумен рухани тәрбие және тағылым “Құдайы ас — жарыс емес, сауап” және “Той — тәрбие мен тағылымның ордасы” атты екі семнар болып өтті. Семнарға мешіттің әйел жамағатынан 50 адам қатысты. Семнарда қала бойынша әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан ұстаз, мешіттің Әмина және Айгүл ұстаздар той мен ас беру мәдениеттері туралы кеңінен тоқталып лекция оқыды. Іс-шараның соңында дастархан жайылып ас берілді.






