Бүгін қасиетті жұма күні халқымыздың ұлы тұлғасы, ойшыл А.Құнанбайұлының 175 жылдығына және ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына арналған Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан IX Республикалық Құран жарысына іріктеуі сайысы өткізілді.
Қос мерекелік шараға орайластырылған Құран жарысының салтанатты ашылуында Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов құттықтау сөз сөйлеп, барша іріктеу жарысына қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа барлық талаптары мен ережелерінен өткен 62 қарилар іріктелініп, қатыстырылды.
Іріктеу жарысына білікті һәм тәжірибелі қари-ұстаздар төрелік етті. Атап айтқанда, Камалжан қари Сыздықов, Ықылас қари Майлан, ұстаз Мейірбек қари, Сәрсенбаев, Шәукат қари, Әшімжан Абдусамат, Нұрсұлтан қари Мамедалиевтер әділ бағаларын берді.
Іріктеу жарыстың ережелері мен талаптарынан сүрінбей өтіп, төрт номинациясы бойынша мына қарилар жүлделі орындарға ие болды:
Толық Құранның 30 парасы бойынша:
Бірінші орын: Мырзагелді Иманәлі.
Екінші орын: Рамазан Дархан.
Үшінші орын: Хикматжанов Абдулбасид.
Құранды мәнерлеп оқу бойынша:
Бірінші орын: Рысбек Әділет.
Екінші орын: Тұрсунқұлов Юсуф.
Үшінші орын: Исабеков Нұрсұлтан.
Құранның 20 парасы бойынша:
Бірінші орын: Расулов Гунамжан.
Екінші орын: Мырзахмет Махмут.
Үшінші орын: Саян Қыршанбай.
Құранның 10 парасы бойынша:
Бірінші орын: Игілік Исламнұри.
Екінші орын: Шыңғысұлы Абай.
Үшінші орын: Сраж Ағзамхан.

Айта кетсек, Құран Кәрім іріктеу жарысында бірінші орын иелеріне IX республикалық Құран жарысына жолдама берілсе, қалған қатысушы қариларға сый-сияпаттар мен арнайы алғыс хат табысталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38