Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Түркістан облысына сапары кезінде Сайрам ауданы, Арыс ауылында Мүфтият салып берген амбулаториялық-емхананың ашылуына қатысқаны белгілі.
Осы сапар аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы аталмыш емханаға ең қажеттті медициналық құрылғылардың бірі һәм бірігейі оттегі концентраторын жеткізуді уәде еткен болатын.
Міне, бүгін Мүфтият салып берген емханаға Бас мүфтидің арнайы жолдаған аманатын табыстау үшін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов емхана аға дәрігері Рана Артықова ханымға оттегі концентраторын табыс етіп, сәлемін жеткізді.
Сондай-ақ, игі шараға Түркістан облысы, Сайрам ауданның бас имамы Сейітахмет Темірбек, қалалық мешіттің іс басқарушысы Азамат Әбдікерімұлы, «Халал Даму» бөлімінің өкілі Қазыбек Сарыбаев, найб имамдар Еркебұлан Қарақұлов, Мұхамеджан Естеміров, Дастан Желеуов, Марат Шайхов, Сабыржан Тәжиев және «Зекет» қорының өкілдері мен мешіт жанындағы ерікті жамағат қатысты.
Айта кетсек, бұл емханаға ауылдың 2430 тұрғыны тіркеліп, қажеттіліке сай күнделікті ем-дом шараларын қабылдауда. Бүгінде, ауыл тұрғындарына емханада 5 дәрігер жұмыс жасайды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі