Шымкент қаласында орналасқан «Азия-Холод» кәсіпорының 87 балмұздақ түрлері «ҚМДБ халал» стандарты бойынша сертификатталды.
Шымкент қаласында іс-сапармен жүрген «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен бас технолог Айжан Омарова, жергілікті инспектор-контролер Қазбек Сарыбаев өндіріс орнында аудит жұмыстарын жүргізіп, кәсіпорын жұмысының халал стандартқа толықтай сай екендігіне көз жеткізді.
Өндіріс барысында қолданылатын негізгі шикізат пен тағамдық қоспалар түгелдей зертханалық тексерістен өткізілген.
Лабораториялық тексеріс нәтижесі бойынша шариғатымызда тиым салынған қоспалар жоқ екендігі анықталды.
«Азия-Холод» балмұздақ өндірісі «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы талаптар стандарты» бойынша сертификатталып, «ҚМДБ сертификаты» табысталғанлығын хабарлаймыз!
ҚМДБ-ның Шымкент қаласыбойынша баспасөз қызметі