Бүгін, ҚМДБ-ның Шымкент қаласына қарасты барлық мешіт имамдары, найб имамдары, ұстаздар мен қызметкерлері сақтық шаралары һәм ерікті түрде флюорографияға түсті.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы мен қалалық іс басқарушы Азамат Әбдікерімұлы мешіт имамдарының өтініш-тілектерін ескеріп, ұйымдастырды.
Сондай-ақ, ерікті түрде ұйымдастырылған шара барысында соңғы бір жыл ішінде арнайы флюорографиялық тексерістен өтпеген қатысты. Нәтижесінде жалпы 100-ден астам мешіт имамдары мен ұстаздар мен тәрбиешілер, аспаздар, көлік жүргізушілер мен күзет бөлімінің қызметкерлері жеке куәліктерімен келіп, тексерілді. Мұнымен қатар, денсаулығына қатысты анықтамасының нәтижесін дер кезінде қолдарына берілді.
Айта кету керек, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы мешіт имамдарына ыңғалы жағдай туғызып, қалалық емханадан жылжымалы флюорография көлігін Шымкент орталық мешітіне шақыртылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі