Өздеріңізге белгілі, әлемге дүрбелең салған жұқпалы індетке байланысты биылғы жылы Құрбан айт мерекесіндегі игі шаралар, оның ішінде құрбандық шалу шарасы онлайн түрінде жүзеге асырыллғаны баршаға аян.
Құрбан айт мерекесі қарсаңында әлемдегі озық тәжірибелерді негізге ала отырып ҚМДБ тарапынан бірқатар тың жобалар жүзеге асырылды. Соның ішінде жамағатқа ыңғайлы һәм жұқпалы індетті жұқтырып алмас үшін онлайн тапсырыс беру арқылы құрбандық мал шалу мүмкіндігін жасап берді. Бұл өз кезегінде ел аумағында зор қолдауға ие болып, көпшіліктің алғысына ие болды. Осы тұста, осындай шаралардың басы-қасында болып, мешіт имамдары мен бірге мешіт жанындағы еріктілер тобының жұмысы мен атқарған еңбегі орасан деуге болады.
Ерікті топ мүшелерінің еңбектерін ескеріп, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет Шымкент қаласындағы бірқатар мешіт имамдары мен ерікті топ мүшелеріне айрықша өзінің алғыс хатын жолдаған болатын. Бас мүфти хазреттің алғыс хатын жеткізу үшін Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Абдрахманов оқып беріп, 30-дан астам ерікті азаматтарға алғыс хатын табыстады.
Сондай-ақ, игі шараға Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудан бас имамдары мен «Халал Даму» ЖШС қалалық өкілі Қазыбек Сарыбаев, Азамат Әбдікерімұлы, қалалық «Жастар ісі» секторының жетекшісі Анарғали Керімбеков, қалалық «Зекет» қорның өкілі Айбек Азимбаевтар қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі