Kuran bagishtau jane xatimkilu

Kuran bagishtau jane xatimkiluДүниеден өткен кісіге бағышталынған Алла үшін жасалған ізгі істердің, садақалардың сауабы жететіндігі секілді Құран оқып, сауабын бағыштаудың, ізгі дұға-тілектің де сауабы тиеді.
Пайғамбар (с.а.с.) өліге артында қалатын ізгі істері мен ұрпағының пайдасы болатындығы туралы айтып өткен.

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «خَيْرُ مَا يُخَلِّفُ الرَّجُلُ مِنْ بَعْدِهِ ثَلاَثٌ: وَلَدٌ يَدْعُو لَهُ، وَصَدَقَةٌ تَجْرِي يَبْلغُهُ أَجْرُهَا، وَعِلْمٌ يُعْمَلُ بِهِ مِنْ بَعْدِهِ». رَوَاهُ ابْنُ مَاجَه وَابْنُ حِبَّان.

Алланың елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Адамның артында қалдыратын ең қайырлы нәрселері үшеу: артынан дұға қылып тұратын баласы, сауабы артынан үзілмей жетіп тұратын садақасы және амал жасалып тұратын таратқан білімі». Ибн Хиббан, Ибн Мәже риуаят еткен.

 

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِنَّ مِمَّا يُلْحِقُ الْمُؤْمِنَ مِنْ عَمَلِهِ وَحَسَنَاتِهِ بَعْدَ مَوْتِهِ، عِلْماً عَلَّمَهُ وَنَشَرَهُ، أَوْ وَلَداً صَالِحاً تَرَكَهُ، أَوْ مُصْحَفاً وَرَثَهُ، أَوْ مَسْجِداً بَنَاهُ، أَوْ بَيْتاً بَنَاهُ لِاِبْنِ السَّبِيلِ، أَوْ نَهْراً أَجْرَاهُ، أَوْ صَدَقَةً رَوَاهُا مِنْ مَالِهِ فِي صِحَّتِهِ وَحَيَاتِهِِ تُلْحِقُهُ مِنْ بَعْدِ مَوْتِهِ». رَوَاهُ ابْنُ مَاجَه وَابْنُ خُزَيْمَةَ وَالْبَيْهَقِيُّ.

Алланың елшісі (с.а.с.): «Мүмін қайтыс болған соң артынан жетіп тұратын амалдары мен жақсылықтары: біреуге үйретіп, таратқан білімі, не артында қалдырған игі жақсы баласы, не мирасқа қалдырған Құран кітабы, не салдырған мешіті, не жолаушы-міскіндер үшін салған үйі, не жүргізген арығы, не денсаулығы бар кезде, тірі кезінде малынан шығарған садақасы. Өлгеннен соң осы сауапты істері артынан жетіп тұрады», – деген. Ибн Мәже, Ибн Хузайма, Бәйһақи риуаят еткен.
Марқұмдарға оқылған Құранның сауабын сыйлауға болады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол жөнінде былай деген: «Кім қабірстанға кірсе және Ясин сүресін оқыса, Алла Тағала өліктердің азабын тоқтатады, ал оқыған кісі болса өліктердің санына қарай жақсылық-сауаптарға ие болады».
Ардақты сахаба Омар ибн Хаттабтың (р.а.) ұлы Абдулладан жеткен риуаятта Омар (р.а.) зират басында Бақара сүресін оқуға бұйырған.
Имам Ахмет ибн Ханбал былай деген: «Қорымға кірсеңдер Фатиха сүресін және Ықылас, Фалақ, Нас сүрелерін оқып, сауабын марқұмдарға бағыштаңдар. Әлбетте, оларға сауабы тиеді».

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ، قَالَ: ضَرَبَ بَعْضُ أَصْحَابِ النَّبِيِّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ خِبَاءَهُ عَلَى قَبْرٍ، وَهُوَ لا يَحْسِبُ أَنَّهُ قَبْرٌ، فَإِذَا فِيهِ إِنْسَانٌ يَقْرَأُ سُورَةَ تَبَارَكَ الَّذِي بِيَدِهِ الْمُلْكُ حَتَّى خَتَمَهَا، فَأَتَى النَّبِيَّ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ، فَقَالَ: يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي ضَرَبْتُ خِبَائِي عَلَى قَبْرٍ، وَأَنَا لا أَحْسِبُ أَنَّهُ قَبْرٌ، فَإِذَا فِيهِ إِنْسَانٌ يَقْرَأُ سُورَةَ تَبَارَكَ الْمُلْكِ حَتَّى خَتَمَهَا، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّه عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: »هِيَ الْمَانِعَةُ، هِيَ الْمُنْجِيَةُ، تُنْجِيهِ مِنْ عَذَابِ الْقَبْرِ«. رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ في كِتَابِ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ، 2890.

Ибн Аббастан (р.а.) былай дейді: «Пайғамбар (с.а.с.) сахабаларының бірі бір қабірдің үстіне оның қабір екендігін білмей шатырын тігеді. Сөйтсе бір кісінің Мүлік сүресін басынан аяғына дейін оқығанын естиді. Ол Пайғамбарға (с.а.с.) барып: «Уа, Расулалла! Мен шатырымды білмей қабірдің үстіне тігіппін. Сөйтсем, оның ішінде бір адам Мүлік сүресін аяғына дейін оқып шықты», – деп бұл істің мәнісін сұрайды. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Расында ол (Мүлік сүресі) қорғаушы һәм құтқарушы, оны (мәйітті) қабір азабынан құтқарады», – деген. Термези риуаяты.

عَنْ أبي هريرة رَضِيَ اللهُ عَنْهُ قَالَ، قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: «إِنَّ سُورَةً فِي الْقُرْآنِ ثَلاَثُونَ آيَةً شَفَعَتْ لِصَاحِبِهَا، حَتَّى غُفِرَ لَهُ ﴿تَبَارَكَ الَّذِي بِيَدِهِ الْمُلْكُ﴾». رَوَاهُ أَحْمَدُ، وَأَبُو دَاوُدَ، وَالتِّرْمِذِيُّ.

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Ақиқатта Құранда бір өзі отыз аяттан тұратын сүре бар. Ол оқыған адамның күнәлары кешірілгенше шапағат етеді. Ол сүре – «Тәбәрак». Имам Ахмет, Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен.
Құран бағыштаудың қысқаша үлгісі мынадай: Фатиха, Ықылас сүресін оқығаннан кейін мына дұға-аяттарды оқиды.

سُبْحَانَ رَبِّكَ رَبِّ الْعِزَّةِ عَمَّا يَصِفُونَ * وَسَلامٌ عَلَى الْمُرْسَلِينَ * وَالْحَمْدُ لِلَّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ

Оқылуы: «Субхаана Раббика Раббил-ъиззати ъамма йасыйфуун. Уа сәләәмун ъәләл-мурсәлиин. Уәлхамду лилләәһи раббил-ъааләмиин».
Мағынасы: «Құдірет-даңқтың Иесі Раббың олардың сипаттағандарынан (пұт-құдайларынан) Пәк. Елшілерге сәлем! Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббысы Аллаға ғана лайық». (Саффат, 180-182).
Содан соң марқұмға оқылған аяттардың сауабын бағыштап, Алладан рахым, жарлықау тілеп, дұға қылады.
«Уа, Алла Тағала! Оқылған аяттардың сауабын марқұмға жеткізе гөр! Оның жатқан жерін жайлы етіп, жанын жәннатта қыл! Оны қабір азабынан, тозақ азабынан сақтай гөр! Артында қалған жандардың амандығын, береке-бірлігін беріп, тура жолда жүрулерін нәсіп ет! Істеген ізгі істерімізді, қайыр-садақаларымызды қабыл ал!».

 

Хатым хақында

«Хатм» деген сөз араб тілінде «аяқтау», «түгесу» деген мағынаны білдіреді. Ал «Құранды хатым қылу» дегеніміз оны басынан аяғына дейін түгел оқып шығу. Құранды толық оқып шығудың сауабы ерекше. Толық оқып шыққанан соңғы тілек қабыл болады деген пікір де бар.

عَنْ أَنَسٍ بْنِ مَالِكٍ الأَنْصَارِيِّ رَضِيَ اللهُ عَنْهُ أَنَّ رَسُولَ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ قَالَ‏:‏ ‏«خَيْرُ الأَعْمَالِ الْحَلُّ وَالرِّحْلَةُ‏،‏ قِيلَ‏:‏ وَمَا هُمَا‏؟‏ قَالَ‏:‏ ‏‏اِفْتِتَاحُ الْقُرْآنِ وَخَتْمُهُ‏». رَوَاهُ التِّرْمِذِيُّ وَالْبَيْهَقِيُّ.

Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.): «Істердің ең қайырлысы тоқтау және сапар шегу», – дейді. Сахабалар: «Ол не еді?» – деп сұрағанда, Алланың елшісі (с.а.с.): «Ол Құранды ашып, соңына дейін хатым етіп оқу», – деген. Термези мен Бәйһақи риуаят еткен.
Жұрт арасында «хатым сағир» деген түсінік те бар. «Сағир» арабша «кіші» деген мағынаны білдіреді. Яғни, қырық аят оқып, «кіші хатым» жасауға болады деген пайым қалыптасқан. Бұл пікір негізсіз де емес. Өйткені Пайғамбарымыздың (с.а.с.) мынадай хадистері бар.
Бірде Пайғамбар (с.а.с.) сахабалардан: «Сендердің біреулеріңнің бір түнде Құранның үштен бірін оқуға күші жетпей ме?» – деп сұрайды. Сонда бұл сахабаларға ауыр тиіп: «Уа, Расулалла! Оған қайсысымыздың күші жетер дейсіз?» – дейді. Сонда Расулалла (с.а.с.): «Ол – «Қул һуаллаһу ахад», Құранның үштен біріне тең», – дейді. (Бұхари, Муслим риуаят еткен).
Тағы бір хадисінде Алланың Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кімде-кім «Қул һуаллаһу ахадты» үш мәрте оқыса бүкіл Құранды оқығандай болады».
Дегенмен, «хатым сағир» Құран Кәрімді толық оқып шықандай болмайтындығы анық.

Ескерту

Араб сөздерінің оқылуын кириллица әріптерімен дәлме-дәл беру әсте мүмкін емес. Өйткені араб тілінде біздің тілде кездеспейтін дыбыстар бар. Қазірде олар қазақша кітаптарда әртүрлі беріліп жүр. Мысалы, араб тілінде с-ның үш түрі, з-ның үш түрі, х-ның екі түрі, д-ның екі түрі, т-ның екі түрі бар. Онымен қоса, дауыстылар қысқа және ұзын болып екіге бөлінеді. Ал Құран Кәрімнің оқылу ережесі сан алуан қағидаларды қамтитын өзінше бір ілім. Ол тәжуид ілімі деп аталады. Сондықтан да қадірлі оқырман, кітапта берілген аяттардың оқылу түрін шартты деп ұғынып, аяттардың оқылуын дәл дыбыстау үшін оларды тәжуид ілімінен хабары бар адамдардан жаттаған жөн. Берілген оқылу түрлерінде арабтың айн әрпі ( ъ ) айыру белгісімен, ал көбіне дауысты дыбыстардың арасында кездесетін һамза дыбысы кішкене үтірмен (‘ ) берілді. Ұзын дауыстылар екі дауысты әріппен, қысқалары бір дауысты әріппен таңбаланды. Жіңішке оқылатын тіс аралық с, з әріптерінің астына сызықша қойылды.

 

ОҚО Орталық мешіт

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38