Бүгін  Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұловтың қатысуымен 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай марапаттау шарасы болып өтті.

Осы орай,   асыл дініміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген имам-ұстаз, білікті маман  Шымкент қаласы,  Әл-Фараби ауданы «Абдул Хамид Қаттани»  мешітінің бас имамы Бақдаулет қажы Абдрахманов арнайы алғыс хатпен марапатталды.

Алғыс хатта: «Егемен еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын,  тыныштығы мен бейбіт тұрақтылығын сақтауда  атқарып жатқан белсенді қызметіңіз үшін алғыс жариялаймын»,- деген.

Әріптесіміздің марапаты құтты болсын!

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі



By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38