Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Абдулхамид Қаттани» мешітінде 120 адамға дастархан жайылып «Мәуліт» кеші өтті. Мәулет мерекесіне арналған жиынды, «Абдулхамид Қаттани» мешітінің бас имамы Абдрахманов Бақдаулет ашып беріп, «Мәулет оқудың басты мақсаты, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) іс-әрекеттерін насихаттау, сүннетін жаңғырту, салауаттар айту, салауаттар айта отырып дұға тілеу керектігі екенін»- жамағатқа айтып кетті. Жиынның жалғасында арнайы шақырумен келген «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің найб имамы Мұрат Тастанбеков Пайғамбарамызға (с.а.с) салауат айтып, мәуліт хұтбасын оқыды. «Сейіткәрім қажы» мешітінің бас имамы Есенгельдиев Ералы, «Білял» мешітінің бас имамы Туленов Дәулет, «Халифа Омар мешітінің бас имамы Жұмабеков Данабек сияқты білікті имамдар, жамағатқа уағыз айтты.
Жиын соңында мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, аман саулық тілесіп тарқасты.