Бүгін Республикалық ақпараттық-насихат тобының РАНТ мүшесі, Шымкент қаласы, Абай ауданы, Құрсай елді мекені «Нұр Төбе» мешітінде «Бір мешіт, бір жамағат, бір үмбет» атты дәстүрлі кешкі уағызды жүргізді.
Дәстүрлі кешкі уағызды белгілі имам, РАНТ мүшесі, дінтанушы-ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы жүргізді.
Мешітке келіп уағыз тыңдаушылардың қатары толы болды. Уағыз барысында қасиетті Мәуліт мерекесінің қадір-қасиеті, Пайғамбарымыздың сүннеті амал ету, түрлі кереғар ағымдардың жетегінде кетіп қалмау сынды өзекті тақырыптарды қозғалды. Сондай-ақ, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауапты берді.
Осы орайда, белгілі ұстазды шақыртып, мешіт жамағатына рухани нәр сыйлаған «Нұр Төбе» мешітінің имамы Бердалы Жамишевке Алла разы болсын. Кездесу барысында арнайы дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі