Қайғы-қиналыста жүрген жандарға қайырымдылық көмек беру әр мұсылман жан үшін сауапты іс. Шымкент қаласы бойынша өкілдігіне қарасты зекет қорының ұйымдастыруыменен, Шымкент қаласы Абай ауданының «Дінислам» мешітінде алты отбасыға азық-түлікпен және ақшалай қайырымдылық көмегі берілді. Осындай сауапты да қайырымды іске қаланың кәсіпкер азаматы мұрындық болды. Іс-шараға зекет қорының өкілі Әзімбаев Айбек және мешіт қызметкерлері қатысты. Көмек алған жандар ризалықтарын айтып, жомарттық жасаған кәсіпкер азаматтарға да алғыстарын айтып жоғарғы көңіл күймен тарасты.