ШЫМКЕНТ: ЖАНТ мүшелері 82 мектепте кездесу өткізді
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі жанындағы жергілікті ақпарттық-насихат (ЖАНТ) тобының мүшелері орта арнайы оқу орындарында кездесу ұйымдастыруда.
Шымкент қаласы бойынша өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлының жетекшілігімен ЖАНТ мүшелері Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінің найб имамдары Қайрат Ерғазиев, Ұлықбек Алиакбарұлы және «Саяси қуғын сүргін құрбандары» мешітінің имамы Иса Яхяев, «Имам Ағзам» мешітінің имамы Нұрлан Бақытжанұлы және «Қарабура» мешітінің имамы Серік Балтабаев т.б. имамдар арнайы кездесуге қатысты.
Кездесулер барысында «Терроризм мен діни экстремизм қауіпті дерт», «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу»,»Діни тұрақтылық барша Қазақстандықтардың мұраты»,»Жастар діни терроризмге қарсымыз » т.б тақырыптар қамтылды.
Жалпы, бір апта ішінде 82 мектепте кездесу өтіп, оған 16 578 оқу қатысты.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі