ШЫМКЕНТ:  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты шара өткізілді

Бүгін  Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Halifa al-Nahaian Aqmeshiti» орталық мешітінде 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесімен  «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы!» атты шара өткізілді.

Мерейлі шара  барысында Шымкент қаласының өкіл имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы жамағатты құттықтап, еліміздің жетістіктері туралы жан-жақты айтып өтті.

Еліміз әлем алдында күн сайын беделі артып,  мерейі үстем болуда.  Алла шүкір!

Сондай-ақ, шара аясында елім деп жүрген Елбасымызға, дінім деп жүрген Дінбасымызға, барша еліміздің тұрғындарына бақ пен береке тіледі.

Мереке құтты болсын, жамағат!

  

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі 

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38