Шымкент қаласы, Абай аудандық «Гауһар ана» мешітінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфтидің шешімімен 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы» деп жариялануына орай, «Ислам және отбасы құндылғы» тақырыбында жергілікті зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Шараға Шымкент қаласы, Абай ауданындағы 15 зиялы қауым өкілдері мен қалалық мешіттің бірінші наиб имамы Мусабек қажы Ақтамберді және қалалық мешіттің наиб имамдары Ахметжан қажы Керімбек, Мұхамметжан қажы Естемиров, сондай-ақ, «Дін мен дәстүр» саласына қала бойынша жауапты Самат қажы Анарбаев және аудан имамы Бердалы қажы Жәміш бастаған ауданда орналасқан мешіттердің имамдары қатысты. Жалпы, осы шараға қатысушылар саны 42 кісі болды.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




